Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Өзі-өзі тану онкүндігі аясында 3 «Г» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді


Өзі-өзі тану онкүндігі аясында 8 ақпан күні 3 «Г» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді
Сабақтың мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Сабақ тыныштық сәтімен басталып, оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін білдірді. Қорапшадағы гүлдерді  таңдап алу  арқылы 4 топқа бөлініп, «Ақын деген кім?» мәтіні бойынша үй жұмысы сұралып, сұрақтар қойылды. «Адамның сәні – өнер, білім, ақылы» дәйек сөзімен оқушылармен әңгімелесу жүргізілді. Халық мақалының мағынасын ашып, басқа да мақалдардан мысал келтіріп, берілген топтық тапсырмаларды орындауға кірісті.
Топтық жұмыс
1 топ: қуыршақтарды пайдаланып, ертегі құрастыру.



Алланиязова Сарра, Сызбаева Малика, Шаримова Тамирис, Серикова Арай, Сайдболқызы Айша, Сабыржан Тәмірлан қуыршақтарды пайдаланып, «Достық» атты ертегіні сахналап берді. Ертегі желісі бойынша жануарлар қандай қиындық туса да, достықтың арқасында бәрін жеңуге болатындығына көз жеткізіп, бір-бірімен дос болады. 

2 топ: мамандық иелерін ым-ишарамен көрсету.

Бакишев Бахтияр, Бейсенбин Даниал, Шегенов Арман, Базарбаева Анель, Акильтаева Адема, Мақаш Дильназ дәрігер, құрылысшы, боксшы, мұғалім, суретші, биші, күйші, әнші сияқты мамандық иелерін оқушыларға ым-ишарамен жасырып, өздерінің бойларындағы өнерлерін көрсте алды.

3 топ: өлеңді аяқтау.

Тлеужанов Фархат, Мәркен Талғат, Құдайберген Сағдат өлеңді аяқтау арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

4 топ: өлеңді әртүрлі жанрда айту.

 Базарбай Сәбина, Нұрымжан Аделя, Хусаинова Дана, Балдар Әлия сынды оқушылар «Әже» деген әнді әртүрлі жанрда  айтты. Түпнұсқасын топпен бірге айтып, ән айту қабілеттерін көрсетті.

 

 Сабақтың соңы тыныштық сәтімен аяқталып, оқушылар «Өнер» ұғымы туралы түсінік алғандары бойынша ой бөлісті. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь