2018 жылдың ақпанының сегізінде Петропавл қаласындағы С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия мектебінде «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы»» атты республикалық онкүндіктің аясында оқушыларды мейірімділікке, қамқорлық жылуын бөлісуге, сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында Петропавл қаласындағы «СҚО-ң кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде» болып, ондағы балалармен танысып, ел, отан, жеке қызығушылықтар туралы сөйлесіп, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп жанға жайлы қуанышты сәттермен бөлістік. Осы кездесу балардың есінде мәңгі қалған болар, бұл да өмірдің бір ақиқаты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау