2018 жылдың ақпанының сегізінде Петропавл қаласындағы С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия мектебінде «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы»» атты республикалық онкүндіктің аясында оқушылардың бойындағы шығармашылықтарын дамыта отырып мейірімділікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа, ашық бола білуге тәрбиелеу мақсатында «Ән – көңілдің ажары» фестивалі болды. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ізгілікке, мейірімге, әсемдікке толы қуанышты көңіл-күй сыйлап, жиналған көрермендерді дән риза етті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау