Онкүндік: Мектепішілік Мағжан оқуы өтті
2018 жылдың ақпанның 1-жұлдызында қазақ мектеп-гимназиясы ордасында 5-11-сынып оқушылары арасында жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында мектепішілк Мағжан оқуы өтті. Мағжан оқуына 5-10-сынып оқушылары қатысты. Ереже бойынша қатысушылар Мағжан оқуларында үш бағыт бойынша сынасты. Мектеп оқушыларының мектепішілік Мағжан оқуында ««Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» ақын шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша 1-орынға 5 "Ә" сынып оқушысы – Алтай Дильназ ие болды. «Ай – алқа, жұлдыз - жүзік, ақша маңдай...» Мағжан әндерін орындау бағытында І орын жеңімпазы болып 7 "В" сынып оқушылары – Актаева Жанель мен Турабай Айкен атанды. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас ақындар бағытында І дәрежелі дипломмен 7 "В" сынып оқушысы – Жайлаубай Ақжан марапатталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқуда белсенділік көрсетті, жас дарындар өз туындарын оқыды, ал әншілер болса көрермендерді және қатысушыларды Мағжанның әндерімен тәнті етті. Жеңімпаздар Мағжан оқуының облыстық кезеңінде мектеп намысын қорғайтын болады. Осы оқушылардың облыс, республика көлемінде биіктерден көрінетіндеріне сенеміз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер