Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Онкүндік: 10 «А» сыныбында қазақ әдебиеті сабағынан А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы тақырыбында ашық сабағы өтті


               18 қаңтар күні 10 «А» сыныбында қазақ әдебиеті сабағынан А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Мақсатым: «Ескендір» поэмасының  тақырыбы мен идеялық мазмұнын аша отыра оқушылардың іздену және шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамытып,  адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу, поэманың тереңіне бойлату. Осыдан күтілетін нәтиже: оқушылар поэманың мазмұнын меңгеріп, идеясын түсінеді, іздену қабілеті, сөйлеу мәдениеті, шығармашылық қабілеті дамиды, адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі кеңейеіп, өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйренеді. Сабақ барысында 7 модульға байланысты "Өкіл жіберу",            «6 Неліктен»,  «Ой шақыру» әдістерін, Венн диаграммасын, өзара бағалау, бас бармақпен бағалау, топ мүшелерін бағалау әдіс-тәсілдерін қолдандым. Қосымша ақпараттар арқылы оқушылар өзіндік білім алды, поэма мазмұнымен танысып, топтық жұмыстар жасады. Топтық жұмыс барысында бір-бірін және топ жұмысын бағалап, белсенділік танытты. Поэмадағы кейіпкерлер мінезін саралап, оларға баға беріп, ұқсастықтары мен айырмашылығын көрсетті. Поэмада көтерілген мәселелерді  бүгінгі өмірмен байланыстыра білді. Сұрақ-жауап арқылы өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді. Бағалау кезінде де топ басшысы топ мүшелеріне әділ бағасын беріп, комментарий жасады. Сабақ басында сайланған эксперт тобы да өз жұмысын жақсы атқара білді. Олар оқушы жұмысын, топ жұмысын, топ басшысы жұмысын және сабақ барысын әділ бағалады.

 

 

 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь