«Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі
Петропавл қаласы Қазақ мектеп-гимназиясында 2 ақпан күні 2-10 сыныптарда «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде балаларға Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен елімізде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылғандығы туралы айтылды. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы «Өзін – өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізді. «Өзін – өзі тану» сабағы оқушыларға өмірден өз орнын адаспай табуға, өмірдің ең құнды жақтарын алуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, талмай еңбектенуге, ойы мен сөзі, іс – әрекетінің шынайы болуына, адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйретеді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер