«Шығармашылық – шаттық бастауы» атты суреттер байқауы болды
2018жылдың ақпанының бесінде Петропавл қаласындағы С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия мектебінде «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы»» атты республикалық онкүндіктің аясында оқушыларды мейірімділікке, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу мақсатында «Таным шаттығы» тақырыбында балалардың сурет, ашық хат, әр түрлі заттардан жасаған бұйымдары көрмесі және оқушылардың бойына ана махаббатын, қайырымдылықты, бейбітшілікті, достықты бейнелеу арқылы адамгершілік құндылықтарын сіңіру мақсатында «Шығармашылық – шаттық бастауы» суреттер байқауы болды.
Оқушы еңбектерінің көрмесін үлкендер де, сабақтан кейінгі үзіліс кездерінде оқушылар да қарап, мейірім, махаббат, ізенімпаздық, еңбексүйгіштік, елжандылық т.б. адамгершілік қасиеттер қалай көрініс тапқанын өздерінше бағалап жатты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер