Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Кезекті қыздар жиналысы өтті

 

Күн тәртібіндегі сұрақтар:

  1. «ЖИТС – ХХІ ғасыр індеті» - СПИД орталығының маманы Мухаметова Н.И.
  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу - ДТІЖО Елубай Г.А.
  3. «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» шеберлік сыныбы - «Сыр мен сымбат» үйірмесінің мүшелері

1.Нелли Николаевна өз ісінің білікті маманы, қыздарға ЖИТС туралы толық мәлімет айтып кетті, оның таралу жолдары, бұл дертке қалай шалдықпауы туралы түсінікті тілде айтып өтті. Оқушылар арасында рөлдік ойындар ойнатып, сана сезімдеріне жақсы әсер қалдырды.

      
    
    
 Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елубай Г.А. дәріс оқыды. Әртүрлі жағдаяттарды мысалға келтіріп, шығу жолдарын табуға оқушыларға мүмкіндік берді. Сұрақ-жауап ретінде жұмыс жүргізілді.

   

3.«Сыр мен сымбат» үйірмесінің мүшелері Теміржан Д., Базарбаева А.,Ережепова А., білген-үйренгендерін кәсіби бояуларды пайдаланып, шеберлік сынып арқылы көрсетті. Аз уақыт аралығында үйірме мүшелері бет күтімі, шаш күтімі жайлы, қас пен кірпікті қалай бояу керектігі жайлы, қандай косметикамен қолданған жөн екендігі туралы ақпаратпен бөлісе кетті. Сұлу да, сымбатты жүріңіздер деген тілектерін айтты.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь