Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығы


   

                                        



Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Туған жер» бағдарламасы аясында Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығы туралы Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында ақпарат беру шарасы өтті. Бұл шараға 9-10 сыныптың оқушылары қатысты. Темербаева Айнур Қазтаевна өмірбаянын, шығармашылығы туралы айта келіп презентация, бейнероликтер арқылы нақты деректер мен мәліметтер берді. Тыңдармандардың көңілін бірден шығармашылығына көңіл аудару үшін автордың «Астана» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.Бұдан әрі, оқушылар Серік Роза «Қызылжар», Дәуренбек Аяжан «Шоқанға», Дауренбекова Ажар «Мағжан жыры», Сарсен Аягүл «Мен Мағжан көшесінде тұрамын» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Шара соңында Жумажанова Зәмзем Альмуханқызы сөз сөйлеп, оқушыларды «Туған жер» бағдарламасы аясында осындай шаралардың рухани азық болатын әрі білімді кеңейтуге туған жерге деген патриоттық сезімді оятуға маңызы зор екендігін баса айтты. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы қолданыста, дәл сол сияқты Мүтәллап Қанғожиннің өлеңдері қымбат болу керек.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь