Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
        Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев    қазақстандықтарға жасаған маңызды мәлімдемесі арқылы ел дамуындағы 10 негізгі міндетті айқындап берді. Атап айтсақ, отандық индустрияға жаңа технологияларды енгізу, өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс жүйесін цифрландырып, озық бизнес үлгілерін игеру қажеттілігіне басымдық берілді. Атап кеткен 10 міндетінің ішіндегі жаңашылдығы – инфрақұрылымдық жүйенің интеллектуалдық басқару жүйесіне талаптарды күшейту. Бұл – интеллектуалдық әлеуметті нығайту, сонымен қатар жеке адамның мүддесін ойлау, сондай-ақ әлеуметтік құрылымдардағы жүйелілікті басқару. Елбасы Жолдауында әсіресе, бәсекеге қабілетті білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болды. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар болмақ. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екенін айтып, мектепте үштілдік білім беру міндетін жүктеп отыр. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болды. Нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс. Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылмақ.  Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы бүгінгі Елбасының айтқан сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Болашақ ұстаз да, дәрігер де, инженер де, біздің еліміздің болашағын жасайтын кадрлардың бәрі мұғалімнің, ұстаздың қолынан шығады. Әрбір үйде бала бар, ел боламыз десек, баланы бесіктен тәрбиелеуіміз керек.   Жолдау жарқын болашақтың кескін-келбетін бір сәтке көз алдымызға әкелгендей болды. Талай белесті бағындырып, тайғақ жолдарды еңсерген Қазақстан өз ұлтының лидерімен бірге жаңа дәуірдің барлық тосқауылдарына тойтарыс бере алады. Елбасы айтқандай, болашағымыз айқын,  нық қадаммен алға басып, жемісті еңбек жолымызды жалғастырмақпыз.
С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия ұжымы

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь