2018 жылдың 20 қаңтары жұлдызында Қазақ мектеп – гимназиясында бастауыш сыныптар , яғни, 2-4 сыныптар арасындағы дәстүрлі олимпиада өтті. Алғаш болып математика пәнінен ашылды. Барлығы олимпиадаға 34 оқушы қатысты. Олимпиада оқу ісінің орынбасары М.Т.Бакееваның алғы сөзімен басталды. Оқушыларға сәттілік тілей отыра, әр тапсырманы мұқият орындап, бар білімдерін көрсете білу керектігі айтылды. Тапсырмаларды 1-сынып параллельдеріндегі ұстаздар: Сексенбаева Ж.Д., Назарова А.К., Рустемова Н.С., Саримова Д.М., Садвакасова Б.А., құрастырып, жасады.Жоғарыда аталып өткен ұстаздар комиссия мүшесі боп саналады. 1 кезең 45 минут болды. 1 кезең қорытындысы бойынша барлық оқушылар 2 кезеңге жолдама алды. 2 – кезең сұрақтары логикаға негізделген болды.
![]()
![]()
![]()
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау