Мектебімізде 15-19 қаңтар аралығында «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты математика пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. 5-7 сынып оқушылары арасында 3 турдан тұратын «Дарынды даралаймыз» атты математикалық регата ұйымдастырылып, нәтижесінде 5«ә» сынып оқушысы Бейсембаева Жансая жеңімпаз атанды, 5-6 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Өнегелі отбасы» сайысы, «Ойнайықта - ойлайық» деген атпен 7-8 сыныптар арасында интеллектуалдық сайыс өтті. Апта бойы сайысқа қатысып белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау