Кезекті психология апталығы өтті
Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда кезекті психология апталығы өтті. Бұл апталықтың мақсаты: гимназия ұстаздарына жағымды психологиялық ахуал сыйлау болды.
Кафедралар арасында «Із кесуші» ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: қатысушылардың белсенділігін арттыру; ұжымшылдық пен ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, танымдық ой-өрісін кеңейту.
Сонымен қатар әр күні белгілікті бір түсті киім кию болды. Бұл да өз жағынан ұстаздарға бір эмоционалдық көңіл-күй сыйлау мақсатында өтті. «Періште» күні де тыс қалмады, әр бір мұғалім жребие бойынша өзі таңдап алған адамына күні бойы жақсы тілектер, өзіндік сый-сыяпатын білдіріп жүрді.
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк қалыңдықтар ақ көйлекті осы себеппен де киеді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер