11-15.12.17 ж аралығында «Тіл мен тарих- егіз ұғым » атты қазақ тілі мен тарих апталығы өтті.
11.12 күні 5-11сыныптар аралығындаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты линейка өтті.



11.12 күні «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында бейнефильм көртетілді. Елбасының еліміз үшін қандай жетістіктерге жеткені жөнінде оқушыларға ақпарат берілді.

12.12 күні «Тарих әлеміне саяхат» атты 5-7 сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа 4 топ қатысты. Жеңіске 5 сынып оқушыларының «Геродат» тобы жеңіске жетті. Топтар дипломдармен марапатталды.



13.12 күні Жаңартылған оқу бағдарламасына байланысты 5 «а» сыныбында тарих пәнінен И.С. Мустафина «Алтын адам кім болды?» , 7 «ә» сыныбында қазақ тілінен Ж.А. Абишева «Домбыра – қазақтың рухы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.



14.12 күні қазақ тілі пәні мұғалімдері 5-10 сынып оқушылары арасында «Алтын Күнмен бағасыз бір белгі боп,Нұрлы жұлдыз- бабам тілі, сен қалдың!»
М. Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын насихаттауда өздерінің қаламынан туған шығармаларын оқыды.



15.12 күні қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімдері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өткізді. Іс- шараға мектебіміздің ұстазы желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазиева Айгүл Тұрсынбайқызы сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мектебіміздің атынан Қазиева Айгүл Тұрсынбайқызына алғыс хат берілді.Оқушылар өлеңдер оқып, әндер айтып, билер билеп, көріністер көрсетті.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау