15.12 күні мектебімізде Молдахметова К.А, Садыкова А.Е мен 9 «а» сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өткізді. Іс- шараға мектебіміздің ұстазы желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазиева Айгүл Тұрсынбайқызы сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мектебіміздің атынан Қазиева Айгүл Тұрсынбайқызына алғыс хат берілді.Оқушылар өлеңдер оқып, әндер айтып, билер билеп, көріністер көрсетті.