Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Ынтымақ» кәсіби қауымдастығында «Lesson Study» сабағы


«Lesson Study»  зерттеу әдісі бойынша 10 «Ә»  сыныбында «Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу» атты «Ынтымақ» кәсіби қауымдастығында математика пәні мұғалімі Абилева Гульмира Аскеровна сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқу барысында оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып және оларды шешу әдістерін өздігінен үйрену. Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер: Топтастыру , Тарсия ойыны, Бейнеролик талдау, «АВС» әдісі және Диалогтық оқыту әдісі.

Тарсия ойыны фигураны  жинастыру арқылы білімдерін кайталауға, топтағы қарым-қатынас орнатуға арналған. Оқушылар тапсырманы орындау барысында қиын деп бағалаған жоқ, бірақ тапсырманың санына байланысты қосымша уақыт сұрады. Мұғалім жаңа тақырыптың  мазмұнын қысқаша баяндалған бейнероликтерді ұсынды. Одан кейін оқушылардың қабілеттеріне сай "АВС" әдісі бойынша әр топтың алдына деңгейлік тапсырмалар жазылған парақ берілді. Олар ақылдасып тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды берілген үш әдістің біреуімен шығару керек болды. Сонда Оспанов Жандос өз тобынан тұрып басқа топқа барып есепті шешуге көмектесті. Бір тапсырманы   әр топ өздері танысқан әдіспен шешіп басқа топтың шешуімен танысты. «А және В» деңгейінің тапсырмаларын тақтады орындап шешу әдісі бойынша оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сабақтың соңында «Сиқырлы сызғыш» бағалау шкаласын толтырған оқушылар сөйледі.

 




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь