Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Алға» кәсіби қауымдастығының «Lesson study» сабағы


«Lesson study» сабағанының 1 кезеңі 6 «В» сыныбында математика пәнінен өтті. Сыныпта 16 оқушы бар, білім сапалары ортаңғыдан төмен. Бұл сабақта зерттелген оқушылар «А»Боғдат Бекзат, «В» Аблаев Азат  және «С»Тоқсары Жан. Оқушыларға жеке тоқталатын болсақ, «А» деңгейдегі оқушы Боғдат Бекзат өз деңгейінен төменірек, берілген оқушы математика сабағаыңда есеп шығару барысында көп ойланады және де тапсырмаға толыққанды зейін қоймайды. «В» деңгейдегі оқушы Аблаев Азат керісінше, ол «А» деңгейдегі оқушы болмаса да «В» деңгейінен жоғары, себебі сабақта жаңа тапсырмалар мен ақпаратты тез қағып алады, түсініксіз жерлерін сұрайды және өз қатесін тез дұрыстай алатын оқушы. Ал Тоқсары Жан  «С» деңгейін ақтап тұр,оқушының білім деңгейі төмен.
Бүгінгі сабақта толық сынып жақсы жұмыс атқарып отырды, «С» деңгейдегі оқушылардың өздері жақсы баға алу үшін білмеген, түсініксіз жерлерін жақсы оқитын көршілерінен сұрап, «3» баға алмас үшін сабақ кезінде нық болды және талпыныстары жаман емес.
«Lesson study» сабағы менің ойымша жоғары деңгейде  өтті деуге болады.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь