Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Жас маман – алға бас қадам» семинар бойынша есеп

Петропавл қаласынды орналасқан қазақ мектеп – гимназиясында 30-қараша күні «Жас маман – алға қарай бас қадам» тақырыбында бастауыш сыныпқа қабылданған жас мамандарға арналған семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – жас мамандармен тәжірибе бөлісіп, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
 
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Т.Бакеева семинар жұмысын мектепке шолу ретінде ашып өтті. Мектептің он жыл ішіндегі жетістіктерін, қызмет жасап жатқан ұстаздардың шығармашылығын атап өтті. Одан кейін семинарға қатысушылар мектеп мұражайына саяхат жасады. Мұражайда облысымызға , республикаға танымал жерлестеріміз туралы, мектепке келген мәртебелі қонақтар жайлы, мектептің жетістіктері туралы айтылып өтті.
 
Келесі кезекте жас мамандар 4 «Б» сыныбында өткен «Екі дененің бір-бірінен қарама-қарсы екі бағытқа қозғалуына берілген есептерді шығару » тақырыбындағы сабағына қатысты. Сынып жетекшісі К.Е.Фазылова жоғары санатты мұғалім. Математика сабағында оқушылар өздерінің білім, білік дағдыларын көрсетті. Сабақ барысында топпен жұмыс, критериий арқылы бағалау, «Ой ашу» стратегиясы, рефлексия қолданылды. Сабақ аяқталғаннан кейін жас мамандарға сабақты талдау парағы таратылып, кері байланыс жасалды. Қатысушылар осы сабақта қолданылған әдіс – тәсілдердің сабақтарда қолдануға өте тиімді екендігін атап өтті. Және де міндетті түрде өз жұмыстарына енгізетіндігін жеткізді.
 
Сонымен қатар, жас мамандар 3 «Г» сынып жетекшісі К.Т.Балтабаеваның «Егеменді елімнің ертеңімін» атты тәрбие сағатына қатысты.Тәрбие сағаты өте ұтымды ұйымдасқан. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап қорытынды кезеңіне дейін бірізділік болды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай , шығармашылықтарын көрсете білді, яғни әр қатысушыға қолдан жасалған гүл шоқтарын сыйлады. Бұл жерде мұғалімнің шеберлігіне тәнті болдық.
 
Жас мамандарға арналған «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбын А.Т.Нұртаева өткізді. Негізгі мақсаты - рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Жұмыс барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, Қазақстанның құндылықтарын, оның әлем әлеміндегі орнын дәлелдеп, постер қорғады, өз ойларын айтты. Рухани жаңғырудың мақсаты да өз дәстүрімізді жаңғыртып, одан әрі дамыту деген үлкен ой қорытылды.
 
Семинар соңында қатысушылар семинар бойынша өз ойларымен бөлісіп, жақсы тілектерін айтты. Сонымен бірге, өз ісіне адал болуға, өз қызметін қызығушылықпен атқаруға ант қабылдады. Семинар жұмысы жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында көп көмек болды.
 

 

 
















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь