Тұңғыш президент күні мерекесі
Әлжан орта мектебінде "Елбасы еңселеген Елорда" атты Тұңғыш Президент күніне арналған іс шара өтті. Іс шара барысында оқушылар Елбасы туралы фильм көріп, Қазақстанның ,Астана қаласының егемендік алған кезден бастап өзгерістерін тамалашалап әңгімелеп берді. 8-сынып оқушылары "Менің Елбасым" атты ауызша журнал жүргізді. Онда Елбасымыздың өмір және еңбек жолы туралы айтылды. Оқушылар мектеп кітапханасынан Елбасы туралы кітап көрмесін тамашалап, кітаптармен өздері оқып танысты. Елбасы, Қазақстан, қазақ тілі туралы өлең жолдары оқылды. Оқушылар хормен "Менің елім" және "Көк тудың желбірегені" әндерін орындады. Мектептің биші қыздарының да билері әсерлі шықты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер