29 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі И.С Мустафина «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 9-11 сыныптарға бірыңғай ақпарат сағатын өткізді. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жолындағы заңдармен, қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мектептегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары өткізіп жатқан көптеген іс-шараларымен таныстырылды. Оқушылар әлемдегі мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жазалау шараларын қолданып жатқаны жайлы ақпарат алды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ортаға салды.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау