Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

1,5 - сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» , «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

2017-2018 оқу жылының қараша айының 8-ші жұлдызында Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық  гимназияның шаңырағында  1,5-сынып оқушыларын салтанатты түрде «Жас Ұлан» , «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Гимназияның аға тәлімгері  Қаирбек.А оқушыларды ұйымның мақсат міндеттерімен таныстырып, сынып басшыларынан рапорт қабылдады.Ант ету рәсімі аяқталғаннан соң ,оқушыларға  төс белгі мен  галстук тағу құрметі«Жас Ұлан»ұйымының мүшелері және гимназиямыздың директоры Муканова Култай Ахметқызына берілді.Рәсім соңында  гимназия директоры ұйымға қабылданған оқушыларды құттықтап,өзінің жылы лебіздерін білдірді.
 24.10.17 гимназияның 21 жылдық туған күніне орай «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен отбасылық «Мен чемпион» спорттық сайысы өткізілді.Сайыста бір сыныптан 2 ата-ана,2 ер бала,2 қыз бала қатысты.Бір топ болып жұмылған қатысушылар сайысқа белсене қатысты.
 27 қараша  гимназиямыздың шаңырағында   Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. «Жас Ұлан »ұйымы оқушылардан латын әліпбиі жайлы көзқарастарын білу мақсатында 5-11 сыныптардан  жазбаша сауалнама алған болатын.Аға тәлімгер 6 -сыныптар арасында «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп,ғалымдардың әліпбиге қатысты ойларын саралай келе,жаңа әліпбиді қызу талқылады.

                                         

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь