Қазақ мектеп-гимназиясының «Менің елім - менің Президентім!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Қазақ мектеп-гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 29 қараша күні 10 сыныптар арасында Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге арналған «Менің елім - менің Президентім!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: елбасының өмір жолынан үлгі ала отыра, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеп, «Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеяларын жүзеге асыру. Ашық тәрбие сағатына құрметті қонақтары болып Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің биология ғылымдарының аға оқытушысы Галиев Жаксылық Мукажанович және жеке кәсіпкер, мектеп жанашыры Кусаинов Ермек Каирбекович қатысты. Іс-шара барысында оқушылар 4 топта жұмыс жасады. Жүргізушілер тарапынан «микрофон» әдісі арқылы Елбасы, Тәуелсіздік, жастар жайлы сұрақтар қойылып, ой өрбітті. Топтық жұмыс кезінде саналы ұрпақтың моделін құрау, «Туған жер» жайлы коллаж жасау, «Адал азамат» тақырыбында эссе жазу, мектеп Президентіне үміткер жобасын презентациялау ұйымдастырылды. Оқушылардың тақырыпқа сай берілген тапсырманы орындау арқылы өз туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдері артып, азаматтық, патриоттық қабілеттері қалыптасты. Іс-шара соңында қонақтарымыз оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын айтты. Тәрбие сағаты «Серілер» тобының орындалуында патриоттық әнмен қорытындыланып, құрметті қонақтармен естелік суретке түсірілді.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Нұртаева
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер