Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өткізілді


«Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ 2017 жылғы 24 қарашада мектеп мұғалімдері мен оқушылардың, педагогикалық еңбектің ардагері Родная Тамара Юрьевнаның қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшу туралы қаулысын ортаға салу. Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшудің маңыздылығын түсінуді қалыптастыру – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.К. Ибраева;
  • латын әліпбиіне көшу – бүгінгі заман талабы - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Л.Е. Аубакирова;
  • Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі қандай өзгерістер әкеледі? Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің дамуына әсер ете ме? – ағылшын тілінің мұғалімі С.А. Мухаметжанова;
  • латын әліпбиіне көшудің басымдылығы мен кемшіліктері неде? - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.С. Укиенова;
  • қазақ тілінің латын графикасына көшудің келешегі – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Б. Курманкина;
  • белсенді өмірлік ұстанымды, патриоттық сезімді, еңбекшілікті, Отанының болашағына сүйіспеншілік пен мақтанышты тәрбиелеу – мектеп кітапханашы Г.К. Кусаинова;
  • латын әліпбиіне көшу – заман талабы – 11-сынып оқушылары Суркова Ольга мен Рывкина Зарина.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь