Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

25.10.2017 жылы С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда қалалық семинар өтті

25.10.2017 жылы С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның әлеуметтенуіне өзін-өзі танудың және әлеуметтік-психологиялық қызметтің рөлі» атты қалалық семинар өтті.

Семианардың мақсаты: оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ету, өзінің әлеуметтік ортада орнын табуға көмек беру.

Семинар барысында өзін-өзі тану пәнінен екі сабақ: “Адам бақыты” – 7 сынып, “Отан сүйген ұланбыз” – 3 сынып және психологиялық екі сабақ: “Мен таңдаған өмір” -4 сынып, «Біз кәсіпті таңдаймыз» - 9 сынып оқушылары үшін өткізілді.

Сабақ берген мұғалімдер: Мухамеджанова Ботагоз Аскерқызы-бастауыш сынып мұғалімі, Жукенова Күлбарши Аманбайқызы-өзін-өзі тану пәні мұғалімі, Жакина Гүлден Жолдыбайқызы-психолог, Каршалова Әсел Сарварқызы-педагог-психолог.

 «Әлемге күлкі сыйла» акциясына қалалық классикалық гимназия оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып, өздеріне жағымды эмоция алды.  Әлеуметтік желіде «#Классикаәлемгекүлкісыйлайды» атты марафон жүргізілді. Оқушылар өз тараптарынан бейнеролик түсіруге ниет білдірді.

                              

Күлкі туралы қызықты дерек

v  Бүгінде адамдар жүз жыл бұрынғыға қарағанда, аз күледі.   

v  Бөбек үлкен адамға қарағанда, 20 есе көп күледі.                                                       

v Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі.                                                                                       

v Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады.

Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға «Күлкімен адамды емдеуге бола ма деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь