Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қазақ мектеп-гимназиясында өткен алқалы қоғамдық тыңдалым туралы мәлімет

06.11.2017 күні Қазақ мектеп-гимназиясында өткен алқалы қоғамдық тыңдалымының күн тәртібінде 8 негізгі сұрақ қарастырылды.
  1. Елбасының «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласы (бейне ролик)
  2. Адал ұрпақ тобының жұмысы
  3. І тоқсанның қорытындысы
  4. Тәрбие бойынша сараптама есеп
  5. Электрондық күнделік
  6. Ғылыми-әдістемелік жұмыс
  7. Материалды-техникалық жабдықтау бойынша жалпы мәлімет
  8. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы
 
Бірінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұртаева А.Т. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар" атты мақаласы туралы жалпы түсініктеме беріп, бейнеролик көрсетті. XXІ ғасырдағы ұлттық сананың негізгі 6 бағыты қарастырылды. Елбасының жолдауындағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттіліктің" 5 басты басымдылығы туралы айтылды.
 
Соған қоса "Туған жер бағдарламасы" "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы бойынша мектебімізде «Жақсы кітап-жан азығы» кітапханалық сабақ, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты сынып жетекшілер отырысында оқылған баяндама, «Елімнің шежірелі байлығы» тәрбие сағаттары, Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы атты дөңгелек үстел өткізілді.«Саналы азамат» бағыты бойынша мектебіміздің мәртебесін биіктен көрсеткен Балғабай Мұхаммадин Иордания, Амман қаласында өткен «ЮСИМАС» ментальды арифметикадан ІX ұлттық жарыс жеңімпазы аттанды. Мектеп ішіндегі Адал ұрпақ тобының мақсаты мен міндеттері, жасалған іс-шаралары туралы сұрақты топ басшысы Алтаев Темірлан қарастырды.
 
І тоқсанның қорытындысы бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сералина М.Е. сөз алды. Жалпы мектептің оқу сапасы мен үлгерімі туралы мониторинг жасалды. Тәрбие бойынша 1 тоқсанның сараптама есебі талқыланды. Мектебіміздің 10 жылдығы аясында жасалған іс-шаралар, қарттар күні, мұғалімдер күні қыздар апталығы , спорттық жетістіктер мен жалпы тәрбие бойынша жетістіктер айтылды. 5-6 сынып оқушылары күзгі демалыс уақытында туған жер бағдарламасы бойынша өлкетану мұражайы мен Абылайхан резиденциясына саяхатқа барып туған қаласы мен өңірінің тарихын тамашалады.
 
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес электрондық күнделік жүйесінің жұмысы онлайн режимінде көрсетілді. Ата-ана тарапынан күнделікке кіру және тексеру жұмыстары түсіндірілді. Ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Есенгалиева А.Е. сөз алды.
 

Жалпы мектебіміздің жетістіктері мен осал тұстарын мониториг жасап талдады. Мектеп директоры Б. Ахмадиқызы мектептің материалды-техникалық жабдықтауы бойынша толық ақпарат берді. Мектебімізге қамқоршылық жасап жүрген жанашыр жан Кусайнов Ермек Кайрбекович туралы айтылды. Мектебімізге көмек көрсетем деген ата-аналарға қамқоршылық кеңесінің жұмысы баяндалды.

 

Директор                           (қолы бар)                           Б. Ахмадиқызы

  
















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь