Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қ. Сәтпаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада туралы ақпарат

Қ. Сәтпаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада туралы ақпарат

 

        Тұлғаның өзін-өзі  жетілдіруіне,  дамытуға  және химиядан дарынды балаларды анықтау үшін Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 31 қазан-2 қараша аралығында Қ. Сәтпаев атындағы химиядан республикалық олимпиада өтті.

        Олимпиадаға республиканың әр облысынан  және Астана, Алматы қалаларынан  9- сыныптың  химия пәніне қызығушылық танытатын оқушылар  қатысты. Олимпиада О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде өткізілді .

       Олимпиаданың негізгі мақсаты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру және химиядан теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету.

       Біздің облысымыздан облыстық дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД  мектеп-лицей оқушылары  Горохова Елизавета,  Әлібеков Арман және Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының  оқушысы  Бәжикова Жұлдыз қатысты. Олимпиада қортындысы бойынша оқушылар сертификаттармен марапатталды.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь