Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Ұланбасын ұлықтау рәсімі

2017 жылдың  қазан айының 10-шы  жұлдызында Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия бойынша Ұланбасын салтанатты түрде ұлықтау рәсімі  өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша 94 дауыс жинаған Карбай Мирас Ұланбасы атанды. Ұлықтау рәсіміне гимназиямыздың арнайы қонағы республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының СҚО филиалының директоры  Дархан Тілегенұлы Теміртас қатысты. Өткен жылдардағы «Жас Ұлан» ұйымының аға тәлімгері Исимбаева Нұргүл Бүркітқызына,  «Жас Ұлан » ұйымының  Ұланбасысы- Баембаев Әсетке және ұйым министрлеріне алғыс грамоталарын гимназия директоры Мұқанова Культай Ахметқызы табыстады.Ал, ұйымның жаңа құрамын арнайы куәліктермен Дархан Тілегенұлы Теміртас марапаттады. «Жас Ұлан»ұйымының аға-тәлімгері және жаңа құрамы Мирасқа деген лебіздерін өлең арқылы жеткізді:

«Сүйінші»,-деп жар салайық!                                                                      

Назарын салсын бізге бар халайық.

Жеңімпазы сайлаудың Мирас жігіт,

Ұланбасы атына болшы лайық!

 

Толқынына үңілсек тарихының,

Ашайық рухты аттың біз бір сырын.

Арабтың ұлы сөзі «мирас» деген,

Атадан мұра болған өжет қырың.

Тарихқа үңілген соң сыр шертейін,

Тыңда,достым,бұл сөзді қойып зейін.

Қойыпты Мирас деген нұрлы есімді,

Болсын деп бетке ұстар батыр кейін.

 

Әлі-ақ алда білімдердің белесі,

Қадам бастың баспалдаққа келесі.

Президенттік сайлауға жетсең егер,

Біз сенеміз оны да сен жеңесің!!!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь