Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Қыз баланы ізетті, инабатты, ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау - халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе –жердің көркі», - дегендей, халқымыздың қыз құрметтеп, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын, ер тұрманның әшекейлісін қыздарына тарту ете отырып, «қызға қырық үйден тыйым»,- деген мақалды да естен шығармаған. Иә, қыз бала тәрбиесі қашанда халық назарында. Осы мәселені жүзеге асыруды міндет ете отыра, С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда қазанның 6-шы жұлдызында 5-11 сыныптар аралығындағы қыз балалар үшін «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Қыздар жиналысын ДТІЖО Елубай Гүлнұр Амантайқызы жүргізді. Жоспарлаған жоспар бойынша жұмыс жүргізе отырып, қыздарға көптеген мәліметтерді айтып ұғындыруға тырысты. Күн тәртібі бойынша «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқылып, сол төңірегінде сұрақтар қойылып, қыздардың пікірін ортаға салды. Сонымен қатар, гимназия арулары мектебімізде бірінші рет ашылғалы отырған “Сыр мен сымбат” үйірмесінің жұмыс жоспарымен танысты. Гимназия медбибісі Нурпейісова Ш.Т. қыздар гигиенасы бойынша қыздарға ақыл-кеңесімен бөлісті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау