Қазанның 6-сы Қарттар айлығы аясында Қазақ мектеп – гимназиясында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі өз сыныптарымен өткізді. Оған мектеп гимназиясының жанындағы ардагерлер ұйымынан: Самара Серікпайқызы, Лаззат Малгаждаровна, Ғалым Жунусович, Сәуле Салыққызы шақырылды. Шараның өткізудегі мақсатымы - қарт адамдарға біздің оқу ордамыздың жас өнерпаздарының өнерлерімен таныстыру, оларға көтеріңкі көңіл сыйлау, құрмет көрсету болып табылады. Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған шараны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз. 5 «А», 5 «В», 8 «Ә» оқушыларының өнерлерін тамашалап, біздің қонақтар үлкен рухани ләззат алды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау